Әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау
Әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау
Егер сіз қоғамдық мәселені шешетін немесе оның салдарын жеңілдететін әлеуметтік салада кәсіпкерлікпен айналыссаңыз – жобаңызды дамыту үшін мемлекеттен қолдау ала аласыз.
Әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне кірген ШОБ субъектілер «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында «Даму» Қорынан несиесіне субсидия ала алады.
Әлеуметтік кәсіпкерлік бағдарламасының шарттары:
✔ Несиенің ең жоғары сомасы: инвестицияға 1,5 млрд теңгеге дейін, АҚТ – 500 млн теңгеге дейін
✔ Субсидия мерзімі: инвестицияға 5 жылға дейін, АҚТ-ға 3 жылға дейін
✔ Сыйақы мөлшерлемесі: ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесіне + 5%, оның 7%-ын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды
✔ Қарыз мақсаты: инвестиция, айналым қаражатын толықтыру, қайта қаржыландыру
✔ Салалық шектеу
Әлеуметтік бизнесті қолдау бағдарламасының шарттары туралы толығырақ damu.kz сайтымызда.
Байланыс орталығы: 1408 , немесе Түркістан қ. , Жаңа қала м.ауданы. 28 көш, 5 ғ. мекенжайы бойынша кеңес алуға болады.