«Даму-Өндіріс» бағдарламасына қатысу шарттары қандай?
Өңдеу өнеркәсібін дамыту – ел экономикасындағы басымдық берілген бағыттардың бірі. «Даму» Қорында отандық компания өнімдерінің бәсекеге төтеп берерлік болуына, көбеюіне, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтап қалып, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ететін «Даму-Өндіріс» атты жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы бар.
📌 «Даму-Өндіріс» бағдарламасына қатысу шарттары:
✔ Максимал сома — 3 млрд 600 млн теңгеге дейін (тамақ өнеркәсібі саласында лимит жоқ)
✔ Несие мерзімі
▪ инвестицияға — 10 жылға дейін
▪ айналым қаражатын толықтыруға — 5 жылға дейін
✔ Пайызы – жылына 6%-дан аспайды
✔ Сала – басымдық берілген салалар тізбесі бойынша
Бағдарлама шарттары* жайлы толығырақ білу үшін Қордың өз өңіріңіздегі филиалына немесе 1408 қысқа нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласу керек. Басымдық берілген салалар тізімімен damu.kz сайтымызда да танысуға болады, немесе Түркістан қ. , Жаңа қала м.ауданы. 28 көш, 5 ғ. мекенжайы бойынша кеңес алуға болады.