ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

🔷 Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Абай ауданы әкімі тағайындалды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұл лауазымға Сұлтанхан Шәкір Асылханұлын ұсынды. Қала басшысының ұсынысын мәслихат депутаттары бір ауыздан қолдап, дауыс берді.

🔷 Шәкір Асылханұлы 1971 жылы дүниеге келген. М.Тынышпаев атындағы «Қазақ көлік және коммуникациялар» академиясын және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.

🔷 Алматы қалалық ішкі істер органдарында, Алматы қалалық Әділет басқармасының сот орындаушысы, аға сот орындаушысы, бас маман, бөлім басшысы, Алматы облысы бойынша Әділет басқармасы және Алматы қаласы бойынша Әділет департаменті басшысының орынбасары, Тіркеу қызмет комитетінің Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығының директоры, Алматы қалалық энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болды.

🔷 Осыған дейін Шәкір Асылханұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметін атқарған.

🔷 Қала әкімі мемлекеттік қызметте, халықпен жұмыс жүргізуде тәжірибе жинақтаған Шәкір Асылханұлына сәттілік тілеп, аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмаларды орындауда біліктілігі жететініне сенім білдірді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444