«ITeachMe» қорғамдық қоры

 

«ITeachMe» қорғамдық қоры — жас және қарқынды дамып келе жатқан компетенцияды дамыту орталығы. Қоғамдық қоры ресми түрде 2020 жылдың 13 наурызында тіркелген. Осы уақытқа дейін соңғы 3 жылда 31 жобаны іске асырған, 45 профессионалыды курстарды жасап, нәтижесінде курстан өткен түлектердің 90%-ын жұмысқа орналастырған. Осы уақытқа дейін 900 студент курстан өткен. Қор қызметкерлері студенттер арасында 29 хакатон ұйымдастырған. Директоры: Бегалиева Захира Онғарбайқызы.

ITeachMe-дің мақсатты аудиториясы жастарға бағытталған. Оның ішінде:

* Мүгедектігі бар

* Аз-қамтылған отбасылардан

* Жетім санатынан

* Ақылы негізде өтуге ниет білдірушілер

* Бизнес кәсіпкерлерге арналған арнайы курстар бар.

Білім беру тек hardskills меңгеруге ғана бағытталмаған, сонымен қатар softskills оқытып, мақсаттарды қою мен оларға жету жолдарын үйретеді.

Қорғамдық қор « ITeachMe-дің» түпкі миссиясы — адамдарды біріктіріп, потенциалын аша отырып, барлығына тең мүмкіндік жасап, оларды заманауи мамандықтарға оқыта отырып, өзінің ең жақсы нұсқасы болуына шабыттандыру.

Қазіргі таңда бұл қайрымдылық қор көптеген жандардың өміріне жаңа мүмкіндіктер ашты. Қазақстанның 15 өңірінде жұмыс істеп тұрған қор – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің алғыс хатын, Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің алғыс хатын, Көрнекті және құнды үлесі және тиімді серіктестігі үшін Шеврон Қазақстан алғыс хатын, Енбек.kz-тен алғыс хатын иеленіп, «Мейірімділік керуені» Республикалық конкурста «Туған жер» номинациясын алған.

Құралай Райымқұл

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444