Даму қарқыны жоғары

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында жылыжай шаруашылығының көлемі жылдан жылға артып келеді. Жыл басынан бері жылыжай аумағы алты гектарға артып отыр. Қайнарбұлақ ауылындағы «Нұр Шатемір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылыжай ашпас бұрын осы салаға қажетті барлық технолгияны терең зерттеп, зерделеген болатын. Соның нәтижесінде жылыжайларына түріктің технологиясымен жарақтандырды. Аталмыш технологияның арқасында бүгінде өнім мол, шығын аз. Сол себепті өнімнің өзіндік құны да арзанға түсіп отыр. Бұдан басқа аудандағы «Баракат» ЖШС-і мен «Фиркан» ЖШС-і де тек жылыжай шаруашылығымен айналысып қана қоймай жеміс консервілейтін цех ашқан. Оның өнімдері өздерінің сауда нүктелерінде сатылуда. Жыл соңына дейін жылыжай көлемін тағы да екі гектарға арттыру көзделіп отыр. Былтыр үш жарым гектарға арттырса биыл 8 гектарға арттыру жоспарланып отыр. Кәсіпкерлердің кәсібін дөңгелетіп өрге басуына мемлекеттен берілетін субсидияда да көп көмегін тигізуде. Бір гектарға берілетін субсидия көлемі бір жарым миллион теңгені құрайды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444