АДАЛ ҚЫЗМЕТ — МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІГЕ ЖҮКТЕЛГЕН БАСТЫ МІНДЕТ
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде кезең-кезеңмен бірқатар маңызды заңнамалық шаралар қабылданып келеді.
Осыған орай, Заңнамаға енгізілген өзгерістермен мемлекеттік қызметшілерді кең көлемде ақпараттандыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түрікстан облысы бойынша Департаментінің бас маманы Гүлмира Төлегенқызы Отырар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжым қызметкерлерімен кездесті.
Жиында Г.Төлегенқызы сыбайлас жемқорлық субъектілері болып табылатын лауазымды тұлғалардың ауқымы кеңейтіліп, квазимемлекеттік салаға бақылау күшейтілгенін, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар мен оларға теңестірілген лауазымды тұлғалардың өз жақын туыстарымен тікелей бағыныста бола алмайтындығын және мемлекеттік қызметшілердің және оларға теңестірілген адамдардың кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқан тұлаларға әкімшілік жауапкершілік бар екенін жеткізді.
Сондай-ақ, Заңнамаға енгізілген толықтырулар өз кезеңінде мемлекеттік қызметшілер арасында парақорлық әрекеттердің туындауына тосқауыл болып қана қоймай, ел азаматтарының пара ұсынғандығы үшін де жазаға тартылатыны толыққанды атап өтілді.
Шара соңында басқарма қызметкерлері тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауап беріліп, жиынға қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды.
492
Охват (люди)
17
Взаимодействия
Продвижение недоступно
2
1 Share
Like
Comment
Share