Жол картасындағы 10-шы басымдығы бойынша қала әкімінің орынбасары М.Исаховпен бірге мониторинг жұмыстарына жүргізілді
Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты, фракция мүшесі ретінде, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген Жол картасындағы 10-шы басымдығы бойынша қала әкімінің орынбасары М.Исаховпен бірге мониторинг жұмыстарын жүргіздік.
Биыл өңірді интернетпен қамтамасыз ету мақсатында цифрландыру басқармасы жыл басынан бері 4 инвестор тартып, 11 елдімекенге интернет желілерін тартты.
Соының бірі, мыңнан астам тұрғыны бар — «Шұғыла» шағын ауданы.
Сапасын бақылап, түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін инвестормен бірге аудан тұрғындарымен кездестік.
Қазіргі таңда «Шұғыла» елдімекені 100% талшықты оптика желісімен қамтылған. «i-LinkNet» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан 1000-ға жуық үйге талшықты оптика желісі арқылы, 60 км қамтитын абоненттік кабель тартылып, 4000-ға жуық адамды сапалы интернетпен қамтуға толық мүмкіндік жасап отыр. Енді тек тұрғындар өтінім білдіріп, өз үйлеріне қостырса болғаны.
Тұрғындар 200 Мбит/сек жылдамдығына дейінгі кеңжолақты интернет желісіне қостыру үшін I-Shymkent.kz немесе WhatsApp — 87753952902 арқылы өтінім қалдыра алады.
Сонымен қатар, алдағы уақытта, «i-LinkNet» компаниясы арқылы Самал-3 шағын ауданын 100% талшықты оптика желісімен қамту жоспарлануда.
Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты, фракция мүшесі Аширбаев Байкен Аширбайулының парақшасынан