ШЫМКЕНТ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе оқушылар мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар байқауын ұйымдастырды.

Шараға қала жастары белсене қатысып, сыбайлас жемқорлықты жою, парасаттылық құндылықтарын насихаттау бойынша үздік деп таныған жобаларын ортаға салды.

Байқау қорытындысымен жоғары оқу орындары арасында І-орынды «Парасатты ұжым», «Parasat task cards» жобаларымен М.Әуезов атындағы ОҚУ иеленсе, колледждер арасынан І-орынды «Ашық бюджет-ашық колледж» жобасымен Жол-көлік колледжі иеленді.

Сонымен қатар, ІІ-орынды «Адалдық дүкені жобасын жетілдіру» жобасымен М.Ю.Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектебі, ІІІ-орынды «Парасатты оқушы» жобасымен Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебі иеленді.

Байқау жеңімпаздарын марапаттарымен құттықтаймыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444