Орта буын жұмыссыз қалмайды -2

Түркістан облысына қарасты Шардара қаласындағы №16 колледж облыстағы алдыңғы көштегі мақтаулы оқу орындарының бірі. Білім ордасы инновациялық бағытта білім береді. Мұнда студенттер «Уорлд скиллис» жобасы барысында студенттер бірінші теориялық сынақтардан өтсе, үшінші деңгейі қиындау, тапсырмаларды тәжірибе жүзінде орындайды. Студенттер бұл сынақтан сүрінбей өтетіндіктеріне бек сенімді. Бүгінде аталмыш оқу орынында жиһаз жасаушы, электрші, құрылысшы, дәнекерлеуші, балық шаруашылығы, аспаз, тігінші мамандықтары оқытылады. Әрі оқу бітірген түлектердің басым бөлігі жұмыспен қамтылады. Бәрі де заман талабына сай, сұранысқа ие мамандықтар. Мүсілім Шахзат, студент: Колледжде жиһаз жабдықтау мамандығының 3 курс студентімін. Колледжімізде үздіктер арасында байқау өтті. Сонда айна сөресін жасадық. Оған екі сағаттай уақыт кетті. Бұл мамандыққа тапсырыс өте көп. Алдағы мақсатым оқу бітірген соң жолдастарымды тартып, жиһаз жасайтын цех ашқым келедіә. Аталмыш білім бесігінде тәлім алып жатқан студенттер бүгінде сұраныссыз мамандық иесі болғаннан көрі табысы жоғары орта буын мамандығын игеріп шыққанның дұрыстығын құп көреді. Сондықтан да ертеңгі күні жұмыссыз қалмайтындықтарына сенімдері кәміл.

«Отырар.кз»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444