Жастар жақсыға еліктесе, болашағымыз жарқын!

Ол кісі Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі, ел ағасының бастамасымен қаламызда көптеген халыққа игілігі көп шараларға куә болып жүрміз. Шымкент қаласының еріктілер корпусының жетекшісі ретінде халықтың мұң-мұқтажын айтып барғанымда, көмек қолын созудан бас тартқан кезі болмаған. Үнемі жастарды қолдап жүреді. Жас еріктілермен бірге ағамыздың біршама шараларына қатысқанбыз. Қаламыздағы жастармен көп жұмыс жасаймын, байқағаным көптеген жастар осы ағамыздан үлгі алады. Әсіресе жас ер балдар сол кісі сияқты кәсіппен айналысып, елге игілікті шаралар жасағысы келетінін айтып қуантады. Тіпті арнайы сұхбаттық кездесу өткізіп беруімді сұрағандары да бар. Алдағы уақытта жоспарда бар. Мен де ол кісінің іскерлігін, елге жанашырлығын, бірсөзділігін үлгі тұтамын! Нағыз халықына жақын, халық қалаулысы. Әрине ол Аширбаев Байкен ағамыз!

Жасмин Ашимова,

Шымкент қаласы волонтерлар корпусының президенті, Жастар мәслихатының депутаты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444