Шымкент: «Ұлттық домбыра» күніне орай «Dombyra party» өтті

Шымкент қалалық «𝗝𝗮𝘀 𝗢𝘁𝗮𝗻» жастары және «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің ұйымдастыруымен, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына және «Ұлттық домбыра» күніне орай «Dombyra party» өтті.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және қазақтың төл аспабын насихаттап, ұлттық өнерді паш ету.

«Dombyra party» іс-шарасында «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің саябағында кәсіпқой күйшілер өнер көрсетті.

Осылайша, салт-дәстүрімізді және ата-баба мұрасын қайта жаңғыртып, ұлттық аспаптар арқылы құндылықтарымызбен қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

#𝗝𝗮𝘀𝗢𝘁𝗮𝗻 #𝗝𝗮𝘀𝗢𝘁𝗮𝗻𝗦𝗵𝘆𝗺𝗸𝗲𝗻𝘁

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444