Наргиза Керімбаева: «Балалардың денсаулығы үшін барымды саламын»

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Керімбаева Наргиза «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Милосердие» ҚҚ директоры Аружан Саинның орынбасары — Светлана Селюнинамен «Подари детям жизнь» жобасымен бірге Шымкент қаласындағы мамандандырылған №3 сәбилер үйінде болды.

«Менің осы сәбилер үйімен ерекше байланысым бар. Өйткені, менің қайырымдылық жолым осыдан 5 жыл бұрын осы жерде басталған болатын.
Сәбилер үйінде қазіргі уақытта түрлі аурумен ауыратын 36 бала тұрады. Олардың әрқайсысы жеке қамқорлық пен қолдауды қажет етеді. Светланамен бірге дәрігерлер келді, олар қажетті ота жасау және оларды аяққа тұрғызу, жаңа өмір сыйлау мақсатында балаларды тексерді. Мен өз тарапымнан бұл жобаны жан-жақты қолдап, балалардың денсаулығы үшін барымды саламын. Барлық балалар сау болсын! Кішкентай сәбилерге сәтті ота жасалуын тілейік! »- деді Наргиза Абайдуллақызы өз сөзінде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444