ШЫМКЕНТТІК ЖАТАҚХАНАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУДЕ
«Шымкент-адалдық алаңы» жобасы аясында студенттерге жатақхана бөлудегі ашықтықпен, жатақханаларының жағдайымен танысу, жастардың қандай жағдайда тұрып жатқандығына көз жеткізу, заңсыз тұратын тұлғалардың бар, жоғын анықтау мақсатында жол-көлік колледжінің жатақханасына мониторинг жүргізілді. Мониторинг жасаушылар тобына «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, арнайы мониторингтік топтың мүшелері мен қоғам белсенділері тартылды.
116 адамға арналған колледж жатақханасында 60 адам қоныстанған. Студенттердің айтуынша жатақханада барлық жағдайлар жасалынған, өз көңілдерінен шығатындығын айтады. Қазір карантин кезеңіне байланысты студенттердің барлығы да қашықтықтан білім алып жатқандықтан, интернет деңгейі де жақсы. Санитарлық талаптар қатаң сақталуда.
«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбардың айтуынша қаладағы ЖОО мен колледж жатақханаларына қоғам белсенділерімен бірлесе мониторингтік жұмыстар жүргізілуде. Барлық жатақханалардың жағдайымен танысу жоспарлануда.