Кентаудың келешегі кемел
«Қаратау тәжі» атанған Кентау қаласының бүгінде экономикасы өркендеп, өрісі кеңейіп келеді. Трансформатор зауытымен атағы алысқа кеткен Кентауда бүгінде шағын кәсіпкерлік субьектілері де қаланың бюджетіне қомақты үлес қосуда. Трансформатор зауытында бүгінде 1 000-ға жуық жұмысшы қызмет етеді. Өнімдерін Ресейге экспорттайтын зауыт алдағы уақытта тағы да өзге де мемлекеттерге шығаруды көздеп отыр. Қалада жалпы өнімнің көлемі 3 ай қорытындысымен 5 млрд. 167,4 млн. теңгеге жетіп отыр.Жыл басынан бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 3939,3 млн. теңге, өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 108,1 пайызға жетіп отыр. Қалада өнеркәсіп өнімін өндірудің негізгі үлесі 2 ірі, 6 орта және 8 кіші кәсіпорындар есебінде. Бүгінгі күнге бөлінген қаржылар атқарылған жұмыстарына сәйкес толық игерілген.Әбдібақыт Мақұлбаев, Кентау қаласының әкімі: «Кентау қаласы бойынша индустриалдық аймақтың инфрақұрылым жұмыстарының ІІ кезеңі бойынша яғни, жол, ауыз су, электроэнергия жүргізуге республикалық бюджет есебінен 489,0 млн. теңге бөлініп, 2015 жылы 351,0 млн, теңгеге құрылыс жұмыстары 80 пайызға жүргізілді. Жыл басынан бері 145,1 млн. теңгеге облыстық бюджет есебінен бөлініп, құрылыс жұмыстарын 2 тоқсанда аяқтау жоспарлануда. І тоқсандағы қолданыстағы шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 3 645 бірлік, белсендісі 3 415 бірлік, ал 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 246 бірлікті, белсенді жұмыс жасайтыны 3017 бірлікті құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 113,1 пайызды құрап отыр».