ШЫМКЕНТ: ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАРМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев жаңадан сайланған мәслихат депутаттарымен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған  маңызды заңнамалық шаралар жеткізілді.

«Соңғы 2 жылдағы өзгерістер туралы айтатын болсақ, бұл қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың отставкасы және тәртіптік жауапкершілігі институты, нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын қалпына келтіру, жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі қабылдануы, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің сыйлықтар алуына толық тыйым салынуы, сыбайлас жемқорлықтың субъектілері құрамы кеңейтілуі және комплаенс-қызметтер институтының енгізілуі» — деді спикер.

Сондай-ақ, ол қатысушылардың назарын парақорлықпен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік күшейтілгенін және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынғанын хабарлады.

Талғар Серікбаев пара берушілер де, пара алушылар да қатаң жазаланатындығын атап өтті.

Сонымен қатар, жиын барысында сыбайлас жемқорлық үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға жаза күшейтілгені, мемлекеттік қызметшілер, Парламент депутаттары, судьялар үшін шетелдік банктерден шот ашуға және иеленуге тыйым салуға қатысты заңнамалық түзетулер қабылданғандығы жеткізілді.

Одан бөлек, «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қоры жүргізген өңірдегі сыбайлас жемқорлықтың жай-күйін зерттеу нәтижелері қаралды.

Жиынға қатысушылар еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың өзекті стратегиялық мақсаттары мен міндеттері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс­қимылдағы заңнамаларды жетілдірудің негізгі бағыттарына қатысты пікірлерін ортаға салды.

Шара қорытындысымен қатысушылар жемқорлықпен бірлесе күресуге шақырылып, жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда Агенттіктің тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 Call-орталығына хабарласуға шақырылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444