Шымкент туған өлкем болғандықтан, қаланың әрбір көшесі, әрбір шағын ауданы ыстық
Шымкент цирк ұжымының ең жас әуе гимнасты Цыбульская Диана Геннадьевна. Шешен ұлтының қызы Диана небәрі жиырма жасында-ақ цирк өнеріне батыл қадам басып, көрермендерін тәнті етті.
Диана жоғарыға өрмелеп, әуе белдіктерінде ұршықтай үйіріліп билегенде залда отырған көпшілікті таңғалдырады. Жас қыздың бойындағы талантты алғаш таныған ұстазы Надежда Викторовна болатын. Ол 2016 жылы Диананы цирке өз қолымен жетектеп әкеліп, акробат өнеріне баулыды.
-Әрине, цирк – оңай өнер емес. Дайындық кезінде жарақат алып қалатын сәттер көп болады, әйтсе де үздіксіз дайындықтың нәтижесінде тәжірибе жинақтап, алға қарай позитивті көңіл-күймен жылжитын күндеріміз болады, — дейді Диана. – Шымкент туған өлкем болғандықтан, қаланың әрбір көшесі, әрбір шағын ауданы ыстық. Біздің қала миллион тұрғыны бар, әр түрлі ұлттар араласа тату өмір сүріп жатқан мегаполис. Міне, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы – осыған дейін бірге бейбіт мақсатта өмір сүріп келе жатқан ұлыстардың жеткен жетістігінің көрінісі. Әрқашан еліміз тыныш, болашағымыз айқын болғай!