«Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі» тақырыбында онлайн лекция өтті
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми сарапшылық топтың мүшелерімен халықаралық «SILKWAY» университетінде «Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі» тақырыбында онлайн лекция өтті. Лекция барысында мемлекеттегі бейбітшілік және келісім, оның қауіпсіздігі және тұрақтылығы этносаралық қарым-қатынастың орнықтылығына, төзімділікке және оң бағытталғандығына байланысты екені айтылды.
Бұл күнде Шымкент қаласындағы SILKWAY университетінде көршілес облыстар және көрші мемлекеттерден келіп білім алып жатқан түрлі этнос өкілдерінен құралған студенттер көп. Жастардың бойына патриотизмді, азаматтықты, дінге төзімділікті және халықтар достастығы сезімін қалыптастыра білуіміз керек.