ҚХА Аналар кеңесі көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетті

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі «Біз біргеміз» акциясы  барысында көпбалалы аналарға, жалғызбасты қарияларға, қала тұрғындарына қаржылай, азық-түліктермен, медициналық бетпердемен қамтамасыз етіп, жалпы  780 000 тенге көлемінде  көмек көрсетті.

Сонымен қатар, «Үйде бол» челленджін ұйымдастырып, жергілікті телеарналар, әлеуметтік желілер арқылы насихат жұмыстарын жүргізіп, елді ауызбіршілікке шақырды.

Сондай-ақ, 2020 жылғы тамыз айында республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Шымкент қаласы өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы Аналар кеңесі 15 жағдайы төмен  отбасылардың балаларын мектепке керекті заттармен қамтамасыз етті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444