«Ата заңым-айбыным» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

Қазақстан Республикасы конституциясының 25 жылдығына орай  Шымкент қаласы «Қоғамдық келісім» КММ-де «Ата заңым-айбыным» атты тақырыпта дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді. Мәжілісті «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Е.Байқонақов ашып, жүргізді.

Жиын барысында  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі А.Есенәлиев «Ата заңым-еліміздің тірегі» тақырыбында хабарлама жасап, Шымкент қалалық ұйғыр этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары  Г.Темірова, кәсіби медиатор Н.Нұрханов, т.б. сөз сөйледі. Жиын соңында ҚР Конституциясынын 25 жылдығына орай  Шымкент қаласындағы этномәдени бірлестіктердің  төрағалары  мен мүшелеріне  «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі табысталды және Ассамблеяның жастарына да белсенділік танытқандары үшін марапаттаулар ұсынылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444