Нематтилло Зкруллаев: Қазақ әндеріне деген махаббатым шексіз

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы және «Қазақстану» жобасы аясында Шымкент қаласында «Ұлт үні» конкурсына өзбек этносынан үміткер Нематтилло Хуснуддинұлы Зкруллаев қатысты.

-Шымкент қаласында дүниеге келдім. Қазіргі таңда, «Саз» колледжінің «ән салу» бөлімінің ұстазы, Шымкент опера және балет театрының солисі, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауретымын.

Он жасымнан бастап қазақ әндеріне қызығушылық таныта бастадым.

9 сынып бітіргеннен кейін саз колледжіне оқуға түсіп, 2015 жылы ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері Н. В. Мажитованың сыныбын «үздік дипломмен» аяқтадым.

Колледжде оқып жүрген кезімде облыстық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысып колледж, түрлі мәдени іс – шаралардың белсенді қатысушысы болдым.

Колледжді аяқтағаннан соң Қазақ Ұлттық Өнер академиясына оқуға түстім. Жоғары оқу орнында да белсенді студенттер қатарынан көрініп, әр түрлі республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты атандым.

Мәскеу, Челябинск, Минскте, Бішкекте және тағы басқа қалаларда өткен халықаралық конкурстарда қазақ әндерін паш етіп келемін.

Менің репертуарымда қазір 30-дан астам әндер бар және олардың барлығы қазақ тілінде.

«Құсни Қорлан», «Бір бала», «Япыр-ай», «Назқоңыр» сынды халық әндерімен қоса, Абай атамыздың «Көзімнің қарасы»; «Желсіз түнде жарық ай»; «Қараңғы түнде тау қалғып»; «Айттым сәлем, Қаламқас»; Ш.Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында»; «Ақ ерке – Ақ жайық», қазақ романстары бар.

Сонымен қатар, Т. Мұхамеджановтың «Отан», Е. Хасанғалиевтің «Атамекен», С. Байтерековтің «Қазақстан қыран далам» патриоттық әндермен де толықтырылған.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444