«Ортақ Отанымыздың көркеюі үшін аянбай еңбек ететін боламыз»
Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл
Қиын жылдар кезеңінде қазақ халқының біздің ата-бабаларымызды ыстық ықыласпен қарсы алғанын алғыс сезіммен еске аламыз. Қазақ халқының дархандығының арқасында өсіп-өндік. Бүгінде бірлігі жарасқан, болашағы зор мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Ортақ Отанымыздың көркеюі үшін аянбай еңбек ететін боламыз.
1937 жылдары 100 мыңдай Қиыр Шығыс кәрістері еліміздің әр аймағына күштеп жер аударылған болатын. Бүгінде елімізде 100 мыңнан астам корей диаспорасы өмір сүруде. Ал оңтүстік өңірде 9 мыңнан астам корей этносының өкілдері тұрады. Өңірімізде корей этномәдени бірлестігі 1989 жылы құрылып, 1997 жылы «Қазақстан корейлері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы ретінде қайта тіркеуден өтті. Этномәдени бірлестік жанынан ардагерлер алқасы мен жастар қанаты, жексенбілік мектеп, «Маранбон» фольклорлық ансамблі жұмыс істейді. Бұл бірлестік ел бірлігін бекемдеу, тұрақтылықты сақтау бағытында атқарылған кешенді іс-шаралардың жанынан табылып келеді.
Роза Пак,
Шымкент қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы