ШЫМКЕНТ: ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін ең алдымен жас ұрпақтың бойына парасаттылық қағидатын қалыптастыру қажет. Бүгінгі студент келешек маман,ал елдің дамуы парасатты, адал, ұлтжанды азаматтардың қолында.

Осы ретте жастардың құқықтық мәдениет арттыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінің және Шымкент университетінің студенттерімен онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүзеге асырылып отырған жобалар, соның ішінде «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен жемқорлықпен күрестегі жастардың рөлі талқыланды.

Сонымен қатар, қатысушыларға әр азамат бойына біліммен қатар адалдық, парасаттылық, әділдік секілді адами құндылықтарды да бойына сіңіруі қажеттігі айтылды.

Шара соңында қатысушылар жемқорлықпен күресте бірлесе жұмыс жасауға шақырылып, жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда Агенттіктің тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 Call-орталығына хабарласа алатындығы хабарланды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444