Шымкентте бір топ азамат мерейтойлық медальдармен марапатталды

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына орай Шымкентте сала үздіктері марапатталды. Елбасы медалімен тек үшінші мегаполисте ғана емес, жалпы елімізде тұратын халықтар бірлігінің нығаюына үлкен үлес қосқан қоғам белсенділері, депутаттар, журналистер мен түрлі этнос өкілдері марапатталды.

Әкімнің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан бүгін ынтамақтастықты ту еткен азаматтарды құттықтап, мерейтойлық медальмен марапаттады.

Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары. «Елбасы бірлікті нығайтуға үлкен үлес қосты. Біздің мақсатымыз-оны сақтап, жалғастыру. Мен сіздерді марапатпен құттықтаймын, сәттілік тілеймін. Сіздер іс жүзінде үлкен үлес қосасыздар сіздің көмегіңізбен біздің еліміздегі халықтар арасындағы бірлік нығайып келеді».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444