Шымкентте мемлекеттік органдардың бизнес өкілдермен кездесуі өтті

Іс-шараға Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы А. Жұмағали, қала әкімінің орынбасары А. Саттыбаев, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» ҰКП, «Kazinvest» компаниясы, «Шымкент» ӘКК және қала кәсіпкерлері қатысты.

Кездесу бизнесті қорғау және оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналды.

Асхат Жұмағали кәсіпкерлік саласы қиын кезеңді бастан кешуде, пандемия оның дамуына елеулі зиян келтіргендігін атап өтті.

«Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында бизнес ортаны қалпына келтіру үшін бірқатар шаралар қолға алынды.

Мұндай жағдайда мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез келген заңсыз араласуы, бизнесмендердің жұмысына кедергі келтіруі мемлекетке қарсы жасалған ауыр қылмыс ретінде қабылданады» — деді спикер.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті кешенді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Агенттік елімізде «Protecting Business and Investments, яғни бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасын іске асыруда.

Инвесторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынуының басты шарты мемлекетіміздің аумағында адал және парасатты бизнес жүргізу бойынша өзіне міндеттеме алуы болып табылады.

«Қалалық департамент жалпы сомасы 75  млрд.теңгеден асатын 35 жобаны сүйемелдеуді жүзеге асыруда.

Ағымдағы жылдың өзінде бизнесті қорғау шеңберінде 20-ға  жуық кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қалпына келтіріліп, олардың қызметіне заңсыз араласқаны үшін 8 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Аталған бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасын табатын болады» — деді А.Жұмағали.

Қорыта келе, Асхат Жұмағали бизнес өкілдерін мемлекеттік органдар тарапынан әкімшілік қысым және өзге де заңсыз араласу жағдайында Департаментке жүгінуге болатындығын және міндетті түрде тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444