РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП ЖЕТЕКШІСІ ТҮРКІСТАНДЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Түркістан өңіріне арнайы жұмыс сапармен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған Республикалық арнайы мониторингтік тобының жетекшісі Айгуль Соловьева келді.
Ең алдымен Департаментке ат басын тіреген Айгүл Сағадибекқызы өңірдегі облыстық арнайы мониторингтік топ мүшелерімен кездесті.
Жиын барысында Айгуль Сағадибекқызы топтың мақсаты мен міндеттеріне сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды тиімді жүргізу үшін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың, оның ішінде, азаматтық қоғамның белсенді болуының маңыздылығын атап өтті.
Бұған қоса, Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауының басым бағыттарын талқылап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл жасау мәселесінде қоғамдық институттармен өзара ынтымақтастық орнатудың маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру мақсатында қабылданған «2015 — 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Стратегиясы шеңберінде жүзеге асырылатын қоғамдық бақылауға тоқталып, жас Түркістан облысын жемқорлықтан азат, таза өңірге айналдыруда азаматтық белсенділік танытуға шақырды.
Жиын соңында топ мүшелері өзара пікір алмасып, нәтижесімен бірқатар ұсыныстар айтылды.