«Өңірлік өнімдер-2018» үздік тауарлардың көрме-жәрмеңкесі өтті

«Көрме» орталығында Астананың 20 жылдығына орай «ӨҢІРЛІК өнімдер-2018» үздік тауарлардың көрме-жәрмеңкесі өтті. Облыс және қала өндірушілерін насихаттау мақсатында өткен жәрмеңкеде өңірде өндірілетін тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл және құрылыс өнеркәсіптерінің жүздеген тауарлары ұсынылды. Көрмеге Түркістан облысының 200-ден астам тауар өндірушілері мен Қазақстанның басқа аймақтарынан келген тауар өндірушілер қатысты. Аталған шараға алғаш рет костюмдер мен ерлерге арналған киім тігетін, киім шығаратын және тұрмыстық химия шығаратын осы сынды 15 жаңа компания өз өнімдерін алып келген. Екі күндік көрменің ашылу салтанатына  Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Балабиев, Астана, Атырау, Тараз қалаларының «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы басшылығы мен басқа да өңірлердің кәсіпкерлері қатысты. Отандық тауар өндірушілердің өнімдерімен танысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев Қазақстан  — Дүниежүзілік Сауда ұйымына, Еуразиялық экономикалық одағына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше болып табылатынын айтып, өңір кәсіпорындары халықаралық және экологиялық стандарттар талаптарына сай келетін өнімдер шығаруы қажет екенін атап өтті. Көрмеге индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған, бүгінде индустриалды аймақта кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпорындар көптеп қатысты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444