ШЫМКЕНТТЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫН БАҚЫЛАЙТЫН ЖҰМЫСШЫ ТОП ҚҰРЫЛДЫ
Дәрі-дәрмектер мен ауруханалардағы төсек орындарының тапшылығының алдын алу, қымбаттатуды болдырмау сонымен қатар, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Шымкент қаласында арнайы Жұмысшы топ құрылды.
Аталған топтың құрамына Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлерімен қатар, денсаулық сақтау басқармасы мен Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Арнайы мониторингтік топтың және жастар мәслихаты өкілдері мен қоғам белсенділері енгізіліген.
Арнайы жұмысшы топ бүгіннен бастап өз жұмысын бастап, мониторинг жұмыстарына кірісті.
Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша аудио, бейне жазбаларыңыз бен ұсыныс , шағымдарыңызды 8702 000 24 94 және 8778 337 11 11 WhatsApp нөмірлеріне дәріхана атауын көрсете отырып жолдай аласыздар.
Оқиға орнынан жіберілген видео қызметтік мақсатта пайдаланып, ақпараттар жарияланбайды.