ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН «IKOMEK» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес «iKomek» орталығы ашылды. Орталық күндіз-түні тұрғындардың қоңырауларына жауап береді.

Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кез келген сауалдарыңызға осы 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы жауап ала аласыздар.

Орталық тәулігіне 3000 қоңырау қабылдауға қауһарлы. Қажет болған жағдайда 5000 азаматқа дейін қызмет көрсете алады. Ол үшін 26 қызметкер тәулік бойына жұмыс жасауда.

iKomek орталығы барлық емханалармен ыңғайластырылып ақпараттандырылған. Сондықтан да инфекциялық ауруларға қатысты сауалыңыз болса бірден 109 нөміріне хабарласыңыздар.

Сонымен қатар iKomek орталығының 87777109109 ватсап нөміріде сіздер үшін тәулік бойына қызмет етеді. Қай кезде болса да сауалдарыңызға жауап беруге дайын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444