АССАМБЛЕЯ – ТАРИХЫМЫЗДЫҢ ІЗІ, БІРЛІГІМІЗДІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл

Қазақ еліндегі рухани келісім мен бейбітшілік іргетасын қалаған – Қазақстан халқы Ассамблеясының орын бөлек ұлаңғайыр атырапты қорғаған бабаларымыз құшағына жүзден астам ұлт пен ұлысты сыйдырды. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлi әлемде тоғызыншы орын алатын мемлекеттің шаңырағында бiрге тұрып, бiрге жасап, бiр мақсатқа, бір мүддеге жұмылып өмiр сүрiп келе жатыр. Қазақстан тәуелсіздігінің баянды, бірлікке, ынтымақта үйлесіп келе жатқандығының басты кепілі де Қазақстан халқы ассамблеясы.

Ассамблея аясында Қазақстанда тұрып жатқан ұлттардың мақсаттары, құндылықтары мен идеялары, ортақ тарихи тағдыры, әлеуметтік мәселелері тең құқықты өкілеттілікке ие болып, бір тұтас шаңырақ астына ұйысты. Көпұлттық, көп тілді қоғам – біздің мемлекетпен қорғауға алынатын біздің үлкен қазынамыз екенін көрсетті.

Барлық ұлттардың келісім тауып, тілдерін, мәдениетін, дәстүрлерін дамытуға ұмтылыстары, өз тарихи отандары жайындағы маңызды оқиғалары жайында хабардар болып, бірлігі мықты елде тұрып жатқандары бағамдалды. Кешегі зұлматты кезеңдерде ата-бабалары, әке-шешелері Қазақстанға жер аударылып қонақжай халқымыздың ыстық-ықыласы мен бауырмалдығының арқасында бір шаңырақтың астында тоғысты.

 

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күннен бастап үлкен шоғырландырушы тәжірибе жинақтап, халықтық дипломатия институтына айналды. Ол күллі әлемге Қазақстанның этносаралық қарым-қатынастар саласындағы жүргізіп отырған саясатының табыстығын паш етті. Өзінің 25 жылдық даму тарихында Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларында мемлекеттік маңызды мәселелер қарастырылды, олардың ішінде жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум, Қазақстанның егеменді ел ретіндегі даму және қалыптасу стратегиясы, Қазақстанның ұлттық бірлігі доктринасы.

Ендігі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасы саясатының арқасында алдыға қойылып отырған ең басты 2050  жылы ең жоғары дәрежедегі 30  елдің қатарына қосылып, халқымыздың тұрмыс жағдайын көтеруіне үлесін қосу. Бұл тұрғыда әрбір ұлт пен ұлыстар өз хал-қадірінше күшін салып, еңбектеніп келеді.

Ассамблея адамды құрметтеуге, ашық жарқын болуға үйретеді деген еді Елбасы. «Ассамблея жаныңдағы адамды қандай болса да, қабылдап, құрметтеуге үйретедi. Оның тiлiн, мәдениетiн, салт-дәстүрiн сыйлай бiлуге баулиды. Әлем осылай ғана өмiр сүре алады». Елбасының өзі пкірінің өзі әрбір ұлт пен ұлыстың бір-біріне деген құрметі мен қазақ еліне деген сүйіспеншілігін білдіріп тұр»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444