Өзбек этномәдени бірлестігі жас дарындарға әрқашан демеу болып келеді

Қазақстан халқы Ассамблеясына  25 жыл

Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігі жыл сайын өнерлі, талантты жастар арасында «Офарин» фестивалін 1992 жылдардан бастап өткізіп келеді. Фестивальдің мақсаты — әнге құмар дарындарды жарыққа шығару, ұлттық нақыштағы ән мен би өнерін паш ету болып табылады. Фестиваль аясында жыл сайын жас дарындар сахнаға шығып, өз бойында бұғып жатқан қабілетін көрсетеді, достық пен татулық тақырыбында әндер шырқайды. Сондай-ақ, көршілес Өзбекстан Республикасынан белгілі әншілер мен ән-би ансамблдері қонаққа шақырылады. Көрермендер жылы шыраймен қарсы алып, өнер иелеріне деген ризашылықтары мен алғыстарын жаудырып шығарып салады. Шымкент қалалық «Қоғамдық келіміс» КММ-інің басшысы Ербол Байқонақов: «Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігі жас дарындарға әрқашан демеу болып келеді, сонымен қатар жас буын бойына патриоттық рухты қалыптастыруда да қосқан үлестері мол» дейді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444