Этносаралық бірлестігі «Қызды оң босағаға отырғызу» салтын көрсетті

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 25 ЖЫЛ

Қазақстан хақы Ассамблеясы жанындағы Шымкент қалалық «Ынтымақ» этносаралық қоғамдық мәдени бірлестігі қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәтүрін бүгінгі ұрпақ жадына қайта жаңғыртуға атсалысып келеді. Бірлестік жанындағы әжелер тобы  қызды оң босаға отырғызу салтынан көрініс көрсетті.

Жалпы қазақ халқында «Қызды оң босағаға отырғызды» деген сөз теңеумен айтылған. Босаға – қашаннан да қасиетті. Киіз үйдің босағасы – қасиетті орынның бірі. Ал «оң босағада отырды» деген сөз қыздың босағада отыруын емес, қыздың өз әке-шешесінің үйінде тәрбиеленіп жатқандығын, әлі ұзатылмағанын білдіреді. Қыз баласы он үшке келгенде үйіндегі анасы, әжесі, жеңгелері жиналып, ағайын-туыс, көрші-қолаңды жинап, қызды оң босаға отырғызу салтын өткізетін болған. Яғни, қыз баласы он үшке келгенде бұрынғыдай асыр-салатын балалығымен қоштасып, есею, бойжету кезеңіне аяқ басты деген сөз. Киіз үйдің қастерлі оң босағасына орын дайындап, шымылдық іліп, қызды отырғызған. Жиналған жақын жеңгелері, шешесінің абысындары оң босағана отырғызған қызға арнап білезік, жүзік, мата сыйлаған. Бұл қыз жасауаының басы деп есептелген. Қыз отырған жер көсеге деп аталған. Көсегең көгерсін деген сөз осыдан қалған. Көсегеге қыздың жасауын біртіндеп жинаған. Ұзатылып кеткенге дейін көрпе-төсегін тігіп, тұрмыс жабдықтарын біртіндеп жинайды. Жеңгелері оң босаға отырған қызға ерекше құрметпен қарап, қыз тәрбиесі мен ибасы туралы ақыл-кеңесін айта білген. Оң босаға отырған қыз барын білген алыстағы құжа-жекжат, жұрағат құлақтанып, «пәленше жерде пәленше деген кісінің бой жетіп отырған қызы бар» деп бір-біріне айтып, құда түсудің қамын жасаған.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444