ШЫМКЕНТТЕ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Қаратау ауданы аумағындағы ішкі орам көшелері мен көпқабатты үйлердің кіреберістері және аулалары залалсыздандырылды.

Атап айтар болсақ, аудан аумағында 419 көпқабатты үй және 1000-ға жуық көше бар. Бұл жерлердің барлығы бекітілген кестеге сәйкес күнделікті қарқынды түрде коронавирусқа қарсы дәріленуде.

Барлық дезинфекциялау жұмыстары кезең бойынша, тиісті дәрі-дәрмектермен атқарылуда.

Залалсыздандыру жұмыстары өзге де аудандарда күшейтілді.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444