Интеллектуалдық орталық болады
Облыс орталығының еншісін алып, бөлек отау құруы бұрынғыдан да дамып, жаңа биік белестерді бағындырары айқын. Алдағы уақытта еліміздегі 17-ші аймаққа түрлі инвестициялар тартылмақ. Индустриалды инновациялық даму бағдарламасына да көбірек көңіл бөлінетін болады. Жуырда облыстың дамуы туралы 24.кz сауалнама жүргізген болатын. Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекшісі: — Халықтың көші-қонын реттеудің бір механизмі. Барлығы Шымкентке қана емес, бағытты Түркістанға бұрып жасау керек. Қала маңындағы үлкен елді мекендер де үлкен рөл ойнайды. Экономикалық тұрғыдан бұрын бұл халықтың қоныстануын, тығыздығын шешу. Аймақта негізінен ауыл шаруашылығы, құрылыс және өнеркәсіп салаларына басымдық беріледі. Ал алдағы 7 жылда оған туризм, көлік және логистика қосылады деп жоспарланып отыр. Уәлихан Қайназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: — Түркістан жалпы бұрын, Кеңес одағында өнеркәсіптің орталығы болған қала. Үлкен-үлкен мекемелер болған. Сондықтан статус берілгеннен кейін біріншіден интеллектуалдық орталық болады. Ең мықты, ең білімді азаматтар жиналғаннан кейін септігін тигізеді деп ойлаймын. Сондай-ақ елімізде жаңа 17-әкімшілік бірлік пайда болды. Шаһар алдында бүкіл Орталық Азиядағы инвестициялар, технологиялар және интеллектуалды ресурстар тартатын орталыққа айналу міндеті тұр. Индустриалды инновациялық даму бағдарламасы да тиісінше дамтын болады. Тиісті жарлыққа қол қойылғанымен облыс орталығын көшіру жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Тіпті бұл процесс бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін.