Өсімге қосар қомақты үлесі бар

2018 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 353104 миллион теңгені құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-мамырдан 3,3 пайыз артық. Өңдеу өнеркәсібінде – 3,4 пайыз электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 25 пайыз, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таралуын бақылауда – 42 пайызға артты, ал  кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 0,5 болып отыр. 2018 жылғы қаңтар-мамырда ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімдерінің  көлемі  126532,6 миллион теңгені құрап, 2017 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 4,3 пайызға артты. 2018 жылғы қаңтар-мамырда «Көлік» (көлік және қоймалау) саласы бойынша нақты көлем индексі 109 пайызды құрады. 2018 жылғы қаңтар-мамырда жүк айналымының көлемі 3205,3 миллион. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрады, 2017 жылғы қаңтар-мамыр деңгейіне 102,8% құрады. Жолаушылар айналымының көлемі 8869,7 млн. жкм құрап, 9,9 пайызға артты. Облыста 355,3 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 143,8 пайызды құрады. 2018 жылғы 1 маусымға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 184284 бірлікті немесе 2017 жылғы тиісті кезеңге 102,7 құрады.  Экономикалық өсімге Индустриалдық инновациялық даму бағдарламасының арқасында өнім өндіріп, өңдеп отырған өндіріс орындарының қосқан үлесі қомақты.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444