Сапалы аяқ киім іздесеңіз, Шымкенттегі «Заряға» келіңіз

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында

Шымкентте аяқ киім шығаратын екі бірдей фабрика бар. «Заря» және «Софи». Олардың бүгінгі жағдайы қалай? Бәсекелес жайлаған нарыққа олардың тауары төтеп беріп жүр ме? Бұрынғы «Заря» аяқ киім фабрикасы естеріңізде болар. Фабриканың тізгінін өзбек ұлтының өкілі Әлімжан Ибраимов басқарады. Ол шағын цехты осыдан 15 жыл бұрын тоқырауға ұшыраған «Заря» аяқ киім зауытының негізінде ашыпты.

Шикізаттың бір бөлігі, яғни, былғары Тараздан жеткізілсе, табандары көрші Ресейден әкелінеді. Еңбегі ауыр болғандықтан бір адам күніне 7-8 жүп аяқ киім тігеді.

Алғашында табыс көзі болмаса да аяқтан тұрып кетуді ойлап, барын салған. Қасына жұмыссыз қалған әріптестерін шақырады. Алғашында екі-үш адаммен ғана аяқ киім шығарған оның қарамағында бүгінгі таңда 12 адам қызмет етеді. Кәсіпкерлің ендігі жоспары — цехтың аумағын үлкейту.

Цех бригадирі Шуһрат Асанов шеберханада бір күнде 70-80 жұп аяқ киім дайындалса, оның 40-50-і сатылып кететінін айтады.

– Біздің аяқ киімдер таза былғарыдан жасалады. Үсті – қара малдың, астары – қойдың терісінен істелінеді. Резіңкелі, арзан, жасанды теріден жасалған аяқ киімдерге қарағанда денсаулыққа да пайдалы. Аяқты терлетпейді, – дейді Шуһрат.

Мұнда ерлер аяқ киімінің 100, әйелдер аяқ киімінің 40 түрі бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444