Саттархан өз заманында озық зиялы қауым өкілі болған
Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында біз Шымкент қаласында орналасқан өзбек диаспорасы арасындағы елге еңбегі сіңген елеулі азаматтардың өмір тарихын баяндауды жөн көрдік. Оның ішінде қазақ және өзбек халықтарының ағартушыларының бірі, біздің жерлесіміз – Шымкент қаласының тумасы Саттархан Абдулгафаровты атауға болады.
Саттархан 1843 жылы Шымкент медресесінің оқытушысы отбасында дүниеге келген. 1862 жылы ол Ташкентте жоғары мұсылман мектебін бітіріп, Шымкентке Қазия (төрешілер) муфти-көмекшісі болып тағайындалды. 1864 жылы орыс әскерлерінің қаланы шабуылдау кезінде ол Ташкентке кетеді. Арада бір ай өткен соң, орыс билігі оның ата-аналары мен туысқандарына кедергі келтірмейтіндігін біліп, Саттархан Шымкент қаласына қайта оралады. Муфтидің өз міндеттерін орындауға кіріседі. Бірдағы оған әкесінің үйінде тұрған артиллериялық офицер, башкир Юсуф Еникесв үлкен көмек көрсетті.
Ол тарихшы, ғалым маман болды және бүкіл ғұмырында адалдықты ту етіп өтті.
Саттархан Түркістан өлкесінде орыс тілін жетік меңгерген сауатты кісілердің бірі. Ол Түркістан өлкесіндегі орыс — түзем мектебінің алғашқы ұстаздарының бірі еді. Бұл мектеп Шымкент қаласында 1873 жылы ашылған болатын. Осы орыс- түзем мектебі жергілікті халыққа орыс мәдениетін, өнерін кеңінен насихаттап өркениетке жол аша білді. 1876 жылы Петербург қаласында өткен халықаралық конгреске шығыстанушы ғалым ретінде Түркістаннан Саттар да қатысып қайтты. Ал, 1877 жылы Санкт-Петербургтегі шығыстанушылар /ориенталистов/ конференциясына делегат болып қатысты. Осы конференцияда “Шығыс және Ресей мәдениетінің дамуы жөнінде және оның Европаға өркен жаюы» тақырыбында парсы тілінде баяндама жасады. Саттар көп білетін адам ретінде де ерекшеленді.
Саттархан өз заманында Түркістан өлкесінін зиялы адамдарының бірі болатын. Шымкент қаласының мәдениеті мен біліміне көптеген үлес қосты. Сондай-ақ ол Шымкентте шығатын «Түркістан жаршысы» газетінін редакторы болды.
Саттархан Шымкент қаласындағы орыс-тузем әскери әкімшлігі аппаратында қызмет етті. Ол шығыс және Ресей халықтары арасындағы ұлы достықтың дамуына үлес қосқан адам.Ол өзінің мағыналы ғұмырын шығыс халқының дамуына арнады. Қазақ және түркі тілдері арасындағы байланыс жөніндегі тарихи еңбектер жазды. Саттархан Əбдіғаппаровтың ұлы Ескендірге тарих қайғылы тағдыр сыйлады. Ол 1937 жылы 17 қыркүйекте НКВД-ның Үштік ұйымының шешімімен «халык жауы» ретінде атылды. Ал, 1957 жылы толык акталып шықты.
Саттархан Əбдіғаппаров Түркістан өлкесінің дамуына сеніп өткен адам еді. Оның өмірі қазақ және орыс халықтарымен бірге араласып өтті.