Шымкентте «Навои» байқауы өтті

Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында өзбек халқының ұлы перзенті, мемлекет қайраткері, өзбек тілінің негізін қалаушы Әлішер Навоидің 579 жылдығына орай «Навои» байқауы өтті. Сайысқа өзбек мектептерінен 19 оқушы қатысты. Оқуышалар ғажайып ақынның тамаша лирикалық шығармаларынан, ғажайып ғазалдары мен дастандарынан үзінділер оқыды. Ақынның ғажайып туындылары неше ғасыр өтсе де, бүгінгі ұрпағына үлгі-өнеге. Қазақ жазба әдебиетінің шыңы-Абай ақын да оны өзіне ұстаз тұтқан.
Абай шығармаларының бастауы ең алдымен халық ауыз әдебиетінен, екіншісі-орыс әдебиеті және сол арқылы әлемдік әдебиет, тағы бір қайнар көзі –Шығыс әдебиеті болатын.
«Шығыс әдебиетінің гүл тәжі» атанған Навои шығармаларының Абай поэзиясына ықпалы күшті болды. Күллі түркі әлемі, төрткүл дүниенің де ұлы ақыны атанып, шығармалары әлем әдебиетінің алтын қорына енген түркі тілінің жанашыры Әлішер Навои үстіміздегі жылы 579 жасқа толды.
Ә.Навоидың тағы бір мақсаты-ана тілі – түркі тілінің беделін қайтсе де көтеру еді.
Артына «Фархад-Шырын», «Ләйлі-Мәжнүн», «Жеті әлем», «Ескендір қорғаны» сияқты тамаша дастандар, «Гауһарлар тізбегі», «Өлең өлшемі», «Екі тілді таласы», «Мұсылмандық нұры» сияқты ғылыми-зерттеу еңбектер мен тарихи шығармалар мен көптеген өлең жинақтарын кейінгі ұрпаққа баға жетпес мұра етіп қалдырған поэзия сұлтаны, қазақ ақындарының да ұлағатты ұстазына, сүйіп оқып, сүйсіне нәр алатын кемеңгерлерінің біріне айналды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444