Канзаши
Биыл Қазақстан Халқы Ассамблеясына 25 жыл толды. Осы орайда Шымкент қалалық славян этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен тамаша көрме өтіп, онда этномәдени бірлестіктің мүшелері арасында бес саусағынан өнері тамған қолөнершілер өз бұйымдарын көпшілік ортаға салды.
Елена Калмыкова — канзаши шебері
Галина Кулабухова — мастер Канзаши
Елена Калмыкова мен Галина Кулубухова кейінгі уақыттары әшекей жасау, әсіресе соның ішінде канзаши деп аталатын әшекей түрлерін шығарумен айналысалы. Оның тарихы тым әріде жатыр. Ол жапон техникасы, нақтырағы жапон сұлулары шашына тағатын әшекей бұйымдары осылай аталған. Сән әлемі – ешбір ұлт, жер мен елді таңдамайды. Шекара асып, әдемілікке құштар халықтың жүрегін жаулайды. Ертеректе жапон сұлулары әр мереке сайын, тіпті жылдың әр мезгіліне байланысты канзашиді ерекшелендіріп тағатын болған. Мәселен, қыстың ұзақ күндерінде қою түсті, көктем-жазғы сәттерде тым нәзік әрі ашық түстерін таңдаған. Қыздың жасына, статусына, жұбына қарап та әшекей таңдалған. Осы канзашиге қарап-ақ, бойжеткеннің статусын, тұрмысын аңғаратын болған.
Канзаши әшекей бұйымдарына әуестенуші славян ұлтының өкілі Елена Калмыкова моншақтар мен ленталарды интернет-магазиндерден, шығармашылық дүкендерден арнайы тапсырыс арқылы алдырып, кейін өз қиялы бойынша түрлі әшекейлерді жасап шығарады.