ШЫМКЕНТТЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша өкілі Ж.Әлжанова, қалалық Ақпараттық-ағартушылық штабтың басшысы С.Мәжінбеков қалалық перинаталдық орталықтың ұжымымен кездесті.

Департамент өкілі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Агенттік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтарға тоқталды.

Сондай-ақ,  жиын барысында  адалдық, парасаттылық –  жеке тұлғалар мен адамдардың абырой — атағын арттыратын ізгі қасиет екендігі айтылды.

«Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, адал еңбектену процесінде қалыптасады» – деді Ақпараттық-ағартушылық штабтың басшысы С.Мәжінбеков.

Жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейдіндігі, аталған нөмірге қоңырау шалу арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпарат немесе кеңес ала алуға болатындығы жеткізілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444