ТҮРКІСТАН: АҚПАРАТТЫҚ — ҮГІТ НАСИХАТ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Әр сәби — қоғамның бақыты, ал қоғамның бақыты — жемқорлықсыз болашақ.

Ағымдағы жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық — үгіт насихат Штаб мүшелері облыс орталығындағы медицина саласының қызметкерлерімен кездесті.

Медицина ұйымының №3 облыстық перинаталдық орталығының және қалалық жедел жәрдем орталығында өткен келелі жиынға облыстық ақпараттық-ағарту штабының мүшелері Айдос Абпазов және Ерұлан Тұңғышбаев қатысты.

Басты мақсат — медицина саласында жиі ұшырасатын сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу және оның алдын алу.

Киелі өңірді жемқорлықтан ада өңір ету мақсатында ұйымдастырылған жиында топ мүшесі Айдос Кенжеханұлы мемлекеттің өркендеуі сыбайлас жемқорлықсыз даму бағытында барлық тиісті шараларды қабылдауда. Бұл мақсатқа жету үшін медицина ұйымының да белсенділігі қажет екенін атап өтті.

Ал, Ерұлан Икрамұлы адам жанын арашалап, ауруынан айықтыратын ақ халаттыларға тұрмыстық жемқорлыққа жол бермеу қажеттігін ескертіп, сенім атмосферасын қалыптастырудың маңыздылығын айтып, денсаулық сақтау саласының мамандарына жемқорлықпен бірге күрес жүргізуге шақырды.

Кездесу барысында  тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу және адал қоғамды бірге құру бойынша ұсыныстар айтылып, ақ халатты абзал жандардың бірқатар сауалдарына нақты жауап берілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444