МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Қамзабекұлы Мыңбай Асар балалар клиникалық ауруханасының ұжымымен кездесіп, емдеу мекемесінің жағдайымен танысты. Қазіргі таңда бұл аурухана 18 жасқа дейінгі 400 мыңдай тұрғыны бар мегополистегі бір ғана балалар ауруханасы. 350 төсек орынға шақталған. Мамандар тапшылығы да бар екен.

Дәрігерлер депутатқа медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң қабылдау керек дегенді айтты. Сонда ғана көптеген мәселе шешіледі дейді мамандар. Дархан Қамзабекұлы дәрігерлер айтқан ұсыныстарды Заң қабылдар кезде ескеретінін, ақ халатты абзал жандардың жұмыс істеуіне ыңғайлы болатын жағдай жасауға тырысатынын жеткізді.

Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444