Шымкенттік ардагерлер мен этномәдени бірлестік өкілдеріне құрмет көрсетілді
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «Оңтүстік» қабылдау үйінде шымкенттік ардагерлер мен этномәдени бірлестік өкілдеріне арнайы дастархан жайып, басын қосты.
Шаһар басшысы келер жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы жылы аясында атқарылатын жұмыстар туралы айтып, осы бағыттағы ауқымды бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырды.
“Қазақстан — біртұтас жер, біртұтас халық және ортақ келешек” деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, бүгінгі таңда еліміз түрлі ұлт өкілдерімен бір шаңырақ астында ынтымағы ырысты, бірлігі бекем болып, бір үйдің баласындай жарасты ғұмыр кешіп, еліміздің толағай табыстарын арттыруға өз үлестерін қосуда. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ”Барымыз да, бағымыз да — Тәуелсіздік” деген болатын.
Тәуелсіздік — халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейін барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздігіміздің, бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында қол жеткіздік. Осы орайда Сіздердің сүбелі еңбектеріңіз орасан” деді Ерлан Қуанышұлы.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі