ӘКІМДІКТЕР АШЫҚТЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ

Қазіргі таңда «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында қоғамда ашықтық принцптерін қамтамасыз ету және халықтың билік институттарына сенімін арттыру мақсатында «Ашық Түркістан» жобасы шеңберінде облыс аумағындағы мемлекеттік мекеме басшыларын бірінші қабатқа түсіру жұмыстары жүргізіліп келеді.


Осы мақсатта қазіргі уақытта ағымдағы жылдың қараша айына дейін Түркістан облысы аумағындағы 354 мемлекеттік мекеме және мемлекеттік ұйымдар басшылары жоғарыдағы кең кеңселерінен бірінші қабаттағы шағын кабинеттерге көшкен болатын. Соңғы бір ай ішінде, аталған бастаманы ауылдық округ әкімдіктері қолдап 31 ауыл әкімі бірінші қабаттағы шағын кабинетке көшті.
Мәлімет үшін: Қазіргі таңда Түркістан облысындағы 108 ауылдық округ әкімі бірінші қабатқа түсіп, 2020 жылдың І тоқсанына дейін қалған ауыл округ әкімдерін материалдық-техникалық жағдайын ескере отырып бірінші қабатқа түсіру жұмыстары жүргізілетін болады.
Аталған бастаманың мақсаты – келген тұрғындармен жергілікті билік өкілдері ашық, әрі тығыз байланыста болуын қамтамасыз ету.
Қоғам пікірі — басты назарда!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444