Шымкентте дұрыс тамақтану тақырыбында конференция өткізілді

Шымкент қаласында «Оқушылардың дұрыс тамақтану мен «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» Жобасы» тақырыбында конференция өткізілді. Бұл іс-шара Шымкент қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментенті, Денсаулық сақтау басқармасы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен қолға алынған.
Конференцияға қалалық білім беру бөлімінің қызметкерлері, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменітінің мамандары және денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен мектептегі медицина мамандары қатысты.
Кездесуде мектеп оқушыларының денсаулығын жақсарту мақсатында енгізілген «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасының жұмыс істеу кезеңдері, оны іске асыру, сондай-ақ, жобаның артықшылығы, тиімділігі туралы айтылды. 

Аталған жоба оқушылардың денсаулығын нығайту, дұрыс тамақтану, балалар мен жасөспірімдер арасында аурушаңдық деңгейін төмендету, мектеп медицинасының денсаулықты нығайтуға ықпалын жақсартуға арналған. Бүгінгі күні осы жоба қаламыздың 17 мектебінде іске асырылуда. «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысымен енгізілуде, Еуропа елдерінің тәжірибесінде дәлелденген жоба. Жоба балалар арасында негізгі инфекциялық емес аурулардың жылдан-жылға көбейіп жатқанына байланысты оқушыларды өз денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарауға, салауатты өмір салтын ұстануға, денсаулық құндылықтарын қалыптастыруға бейімдеу мақсатында қолға алынып отыр.
Сондай-ақ, конференцияда Қазақ ұлттық тамақтану академиясы ұсынған оқушылардың тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттар туралы айтылды. Нақтырақ айтқанда, 7-18 жас аралығын бала мектепте өткізеді, жоғары ақыл-ой және дене жүктемелерімен қоса, ағзаның қарқынды соматикалық өсуі дәл осы уақытқа тұспа-тұс келеді. Сондықтан, мектеп асханасында тамақтануды тиімді ұйымдастыру өскелең ұрпақтың денсаулығын дұрыс қалыптастыруға ықпал етеді. Толыққанды және теңгерімді тамақтану аурулардың алдын алуға, жұмыс қабілеттілігі мен үлгерімінің артуына, балалар мен жасөспірімдердің дене және ақыл-ойдың дамуына ықпал етедi.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444