Сот төрағасы Шымкент университетіне тәжірибе алмасу үшін келген қырғыз студенттермен кездесті

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының төрағасы Ермахан Рахманберді Шымкент университетіне тәжірибе алмасу үшін келген Қырғызстан Республикасының «Құқықтану» мамандығы бойынша студенттерімен кездесті.
Іс шарада Шымкент қаласы Қаратау аудандық соттың төрағасы Е.Рахманберді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының «7 түйін» бағдарламасында көзделген сот жүйесіне қойылған міндеттер мен мақсаттардың соттарда жүзеге асырылу жағдайына тоқталып, талап қою арыздарын электронды түрде беру, сот актілерін электронды түрде алу, кез келген жерден сот мәжілісіне смартфон арқылы қатысу, сот істерінің өту кестесімен электронды түрде танысу және басқа да жаңа технологиялар мүмкіндіктерін атап өтті.
Қатысушылар қолданыстағы сот жүйесінінің заманауи жұмыс форматымен танысып, жаңа электрондық сервистері туралы ақпарат алды. Олар сот мәжілісі залында болып, «Виртуалды сот» процесінің өткізілуі, «Сот кабинеті» сервистерінде, «Сот актілерінің дерекқоры» порталында жұмыс істеу барысымен танысты.
Қырғызстан Республикасының студенттері аудандық сот төрағасына Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің жұмысына және сот жүйесіндегі жаңа өзгерістерге қатысты көптеген сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.
Сонымен қатар, аудандық сот төрағасының төрағалық етуімен өткізілген қылмыстық іс бойынша сот отырысына қатысты.
Іс-шараға қатысушылар аудандық сот төрағасы алғысын айтып, кездесудің қызықты әрі пайдалы болғанын айтты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444