Жастарға жат қылықтардан абай болуды тапсырды

Шымкент қаласы М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» жобасының аясында Мемлекет басшысының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялануына байланысты «Құқық бұзушылықтың алдын-алу» комиссиясының және Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жиын өтті.  «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыптары бойынша Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық прокуратурасының аға прокуроры Б.Б.Құлатаевтың, Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы М.М.Мәжіттің, Шымкент қаласынының ҚПД-нің Әл-Фараби АПБ –ның кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторы, полиция капитаны Ж.Ж.Жамаловтың қатысуымен кездесу өткізілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444