«Ел-Тірегі-2019». Жастарымыз Отан алдындағы борышын өтеуге дайын ба?
Шымкент қаласы Абай және Әл-Фараби аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасында күзгі науқан «Ел-Тірегі-2019» атты акциясы өз деңгейінде жалғасын табуда. Басқарманың барлық жеке құрамы ат салысып, берілген тапсырманы уақытылы орындауға үлестерін қосуда. Жастарымыз Отан алдындағы борыштарын өтеуге дайын болса, басқарманың медициналық тексеру комиссия мүшелеріде еш кедергісіз сараптамаларын жүргізуде. Әр баламен жеке сұхбат жүргізіп, моральды-психологиялық, отбасылық жағдайларыда ескерілуде. Айбынды әскер болу үшін, жастарымыздың денсаулығы мықты, білімі жоғары болып, ҚК заманауи әскери техника мен қару-жарақты меңгеруге дайындығын шыңдау қажет. Елдің қауіпсіздігін, тыныштығын қорғайтын Ұлттық Ұлан әскерлеріне қызмет етуге шақырылып жатқан жастарымызға сәттілік, амандық тілейміз!