Эвакуациялық пункттің жұмысы көрсетілді

Шымкент қаласындағы С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейдің негізінде эвакуациялық жиналу пунктінің жұмысы практикалық семинар ретінде өткізілді. Іс-шараға Шымкент қ.ТЖД бастығының орынбасары полковник Ерғали Жарасбекұлы Бахаев, қаладағы 149 мектептің директорлары орынбасарларымен қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты — мектеп директорларына осы пункттің әрбір тобының жұмыс бағытын түсіндіріп, қажетті құжаттарды әзірлеуге әдістемелік көмек көрсету. Іс-шара барысында жиналу пунктінде адамдарды тіркеу, медициналық, қоғамдық тәртіпті сақтау тобы, тіркелген адамдарды көліктерге отырғызу топтарының, ана мен бала бөлмесі, күту залының жұмысы іс жүзінде көрсетілді. Мектеп директоры эвакуациялық жиналу пунктінің басшысы болып табылатындықтан, практикалық көрсетілімде ұйымдастырылған әрбір кезеңге қызығушылық танытып, қажетті мәліметтерді жинақтады. Сонымен қатар практикалық іс-шарадан кейін Түркістан облысы Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан орын алған төтенше жағдайды жою барысында Шымкент қаласының білім беру мекемелерінің басшылары мен ұстаздарының қосқан үлесін жоғары бағаланды. ТЖ департаменті бастығының атынан 66 мектеп директоры мен ұстаздары арнайы марапаттарға ие болды.
Шымкент қ.ТЖД ішкі және сыртқа коммуникациялар тобы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444