Жылу маусымындағы өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілді
Қысқа дайындықты күн суытпай жатып бастаған төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, үй-үйді аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Әсіресе, тұрмыстық жағдайы төмен отбасылар мен көпбалалы жанұялар және жалғыз басты қариялар тұратын тұрғын үйлерді аралап, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін түсіндірді. Сонымен қатар газбен уланудың алдын алу және тұрғын үйлердегі жылыту пештерін дұрыс пайдалану, жылыту құрылғыларының құрылыс нормалары мен ережелерінің сәйкестігіне назар аудару жайынды нықтап тапсырды.
Айта кетерлігі «Камень» пешін де дұрыс пайдалану керек. Соңғы кездері уланудың басым бөлігі осы пештен екенін ескертті мамандар.