Шымкентте жедел-жәрдем қызметі бойынша 15 медициналық-санитарлық алғашқы көмек бөлімшесі жұмыс істейді

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының жедел жәрдем қызметі 9 бекет пен 7 филиалға біріктірілген. Сонымен қатар, оның халыққа қолжетімділігін және стандарттарға сәйкес 1-3 жеделдік санаттарына уақытылы жетуін қамтамасыз ету үшін 15 медициналық-санитарлық алғашқы көмек бөлімшесі ашылды. Олар қаламыздың Тельмен, Тоғыс, Тассай, Жаңа Талап, Ақжар, Қайтпас-1 сынды шет аудандарында орналасқан. Бұл туралы баспасөз брифингі барысында Шымкент қаласы жедел жәрдем көрсету станциясының бас дәрігері Гүлнәр Құрманбекова мәлімдеді. Жалпы, қазіргі таңда шаһардағы барлық емхана және ауруханалармен біріктірілген бірыңғай байланыс «CALL-орталығы» жұмыс жасауда. Шымкент қаласында жедел медициналық жәрдем көрсетілетін тұрғындардың саны 1 039 261 адамды құрап, қызмет көрсету радиусы 30 шақырымға дейін жетеді.

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444